Биыл киелі Қармақшы ауданының негізі қаланғанына 95 жыл толып отыр.

Осыған орай ауданда жыл көлемінде «95 жылға – 95 шара» атауымен ауқымдыіс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Мерейтой аясында ақындар айтысы мен жыраулар фестивалі, ұлттық спортты насихаттау мақсатында түрлі сайыстарөткізілетін болады.

Сонымен қатар, мерейлі мерекеқарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарланып, жыл көлемінде тағылымы мен тәрбиелік маңызызор, рухани, мәдени, спорттық бағыттағы әртүрлі жиындар, жарыстар, басқа да іс-шаралар өткізіледі деп күтілуде.

Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылар 38,0 пайызға жетті (20552). Олардың санын арттыру мақсатында «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентіндегі (құны 496,3 млн.тг) дене шынықтыру-сауықтыру кешенініңқұрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің (құны 531,3 млн.тг) құрылысыжүргізілуде (2023 жылы 145,9 млн.теңгеқаралды).

Республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс нысандарын салу жұмыстары басталуда. (Дүр Оңғар ауылы құны 419,2 млн. тг 2023 жылға бөлінгені 177,3 млн.тг), (ІІІ Интернационал ауылы құны 399,9 млн. тг 2023 жылға бөлінгені 209,9 млн.тг),

Сонымен қатар, аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы, Иіркөл, Ақжар, Ақай ауылдық округтерінде балалар және спорттық алаңдарының құрылғыларын орналастыру үшін 56,0 млн.теңге және Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун ауылындарындағы спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13,1 млн.теңге қаржы қаралды.

Спорт нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру үшін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмыстарына 56,5 млн.теңге бөлінді.

Ауданның инфрақұрылымын дамыту маңызды, оның ішінде жол мәселесі басты назарда.

2023 жылы облыстық бюджеттен аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 503,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы жоба құны 1445,0 млн.теңге. Қазіргі таңда, мердігер мекеме жоспарлаған 8 шақырым жолдың 7,5шақырым жолын аяқтады.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекеннің 21 көшесі орташа жөндеуден өткізуде, атап айтқанда: Жосалы кентінде 15 көше, Ақтөбе ауыл округінде 1 көше, Ақай ауыл округінде 3 көше, Ақжар ауыл округінде 1 көше,  ІІІ Интернационал ауыл округінде 1 көше.

Бүгінге күнге 5 көшенің 3,5 шақырымасфальты төселді.

Қаралған қаржысы: 573 999,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 504 007,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 69 992,0 мың теңге.

Жосалы кентіндегі Амангелді Иманов көшесін абаттандыру, аяқ су жолдарын жаңарту және орташа жөндеужұмыстарына 104,8 млн.теңге қаралып,  жұмыстары аяқталды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қуаңдария ауылында 2 көшенің (Ерімбет көшесі – 12,9 млн.теңге, Бейбітшілік көшесіне – 19,3 млн.теңге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 0,8 шақырым жолы жөнделді.

Сонымен қатар, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 42797,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 су ұңғымаларын орнату жұмыстарына 202,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге 9 су ұңғымасын орнату жұмыстары аяқталды.

(Облыстық бюджеттен – 202,0 млн.теңге қаралды. Жосалы кентінде – 4, Төретам кентінде – 2, Қармақшы ауылдық округтің Қызылтам елді мекенінде – 1, Жосалы ауылдық округте – 1, Ақай ауылдық округте – 1, Ақтөбе ауылдық округте – 1, Иіркөл  ауылдық округте – 1)

Сонымен бірге, Жосалы кентінің 19 көшесі мен Дүр Оңғар ауылының 5 көшесі жарықтандыруға 225,5 млн.теңгеқаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан бюджетінің есебінен аудан орталығында бірқатар абаттандыру жұмыстары  жүргізілуде.

Атап айтқанда: кенттегі «Шығыс» каналы жағасын абаттандыру (48,0 млн. тг.), Тәуекелов көшесін абаттандыру, Көшербаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру, кенттегі жағажайды абаттандыру, балық мүсінін ағымдағы жөндеу және орталық алаңға 6 дана металл аркалар орналастыру жұмыстары (53,2 млн.теңге) жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, көптен бері кент тұрғындарының көтеріп жүрген күрделі мәселелерінің бірі Жосалы кентінде темір жолдан өтетін көпір құрылысы жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу жобасына техникалық-экономикалық негіздеме құжатын әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,3 млн. теңге қаралды.

Жоғарыда аталған жобаның құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражатты қарауға салалық министрлікпен жұмыстар жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ