Ағымдағы жылдың тамыз айының 21-23 күндері аралығында аудан көлемінде құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатындағы “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Бөлім бастығы полиция подполковнигі Нұрбек Айтбайұлы бөлімнің ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары, Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне түсетін жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне Арал ауданы бойынша ІІО есептерінде тұратын тұлғаларды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар) тексеруді, әкімшілік құқық бұзушылықтар фактілерін, оның ішінде көшелерде және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерін тұтыну немесе мас күйде болу фактілерін, алкаголь өнімдерін белгіленген уақыт талабын сақтамай сатқан дүкен иелерін анықтау, түнгі мезгілде сағат 23:00 кейін түн тыныштығын бұзатын құқық бұзушыларды және кәмелетке толмағандармен немесе оларға қарсы жасалған әкімшілк құқық бұзушылықтарды анықтау, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, көлік құралдарымен жасалатын құқық бұзушылықтарды, оның ішінде, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруы, басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің алкагольдік масаң күйінде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу, азаматтық қарудың дербес иелерін тұрғылықты жері бойынша қарудың сақталуын, уақтылы тіркелуін, әкімшілік учаскелердегі аулаларды, ойын-сауық орындарын, кафе барларды аралап рейд жүргізу жөнінде, сонымен қатар, іздеуде жүрген хабар ошарсыз кеткен азаматтар мен қылмыскерлерді анықтау бағытында жұмыстар ұйымдастыруға нұсқама берді.