21 тамыз күні аудан әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссиясы» отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, «Аудандағы мәдениет және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы атқарылған шаралар» және «Жастар және маргиналды жастардың арасында діни экстремизімнің алдын алу және жат идеологияны қабылдамауын қалыптастыруда атқарылып жатқан іс-шаралар» тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамадан кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия өкілдері өздерін толғандырған саулдарын қойып, жауап алды.