Қала әкімі Асылбек Шаменов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезектілік тәртібімен жазылып, қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.
Қала әкімі қабылдауға келген 30-дан астам тұрғынның сауалдарына жауап берді. Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта азаматтардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
Жалпы қалада жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 160 млрд. 870 млн теңгеге жеткен. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 21 млрд. 268 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 20,9 пайызға артқан. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 13,2 пайызы.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі қаңтар – наурыз айларында 1 млрд. 127 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 104,6 пайызды құраған.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 41 млрд. 483 млн теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 36,5 пайызға артқан. Облыстағы үлесі 51,6 пайыз. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 792 млн теңгеге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 33,5 пайызға артты. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 82 603 шаршы метрді құрап отыр.