Көп қабатты тұрғын үйлерде тұрғындарды іс-жүзінде эвакуациялауды пысықтау мен тұрғындарды өрт кезінде әрекет ете білуге үйрету мақсатында Қызылорда қаласы Мерей мөлтек ауданы №1 мекенжайда орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында тұрғындарды эвакуациялау мен өрт кезіндегі алғашқы іс-қимылдар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған Өртке қарсы қызметінен 8 техника, 30 қызметкер жұмылдырылып, жергілікті полиция, жедел жәрдем бригадасы, Қалалық ТЖБ қызметкерлері мен қалалық авариялық қызметтері де қатыстырылды. Құтқару жұмыстары кезінде Газ түтінінен қорғау буыны пәтерлерден 8 тұрғынды (оның ішінде 2 бала, 1 мүмкіндігі шектеулі) құтқарылып, 32 адамды эвакуациялады. Оқу-жаттығу соңында Қызылорда облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баекеев өрт-тактикалық оқу-жаттығуға оң бағасын беріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақта:

Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді жылдам шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз.
Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді.
Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, өрт кезінде ғимарат толық тоқ көзінен ажыратылғандықтан лифт кез-келген жерде тоқтап қалуы мүмкін.
Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығып, сол жерде құтқарушылардан көмек күтіңіз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секірмеңіз. Себебі бұл сіздің өміріңізге үлкен қауіп төндіреді. Кей жағдайда қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін.

Қызылорда облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

БӨЛІСУ