Алматыда өткен республикалық үйлестіру кеңесінде 2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша республикада туберкулезбен сырқаттанушылықтың 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 6,5%-ға төмендегені, ал 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында туберкулезден болатын өлім-жітім жағдайлардың төрттен біріне төмендегені атап өтілді.
Кеңеске қатысушылар жарты жылдықты қорытындылай келе,
қол жеткізілген прогреске шолу, тәжірибе және озық практикалармен алмасу, сондай-ақ жұмыс топтарында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау және “END TB” стратегиясының көрсеткіштері мен мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосатын болашақ белсенділікті үйлестіру жүргізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді.
Соңғы 4 жылдың ішінде туберкулезден болатын балалар ауруы мен өлім-жітім деңгейі үнемі төмендеп келеді.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник жоғары қауіп топтарында туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеумен қамтуды арттырудың, оны сапалы жүргізуді және қауіп топтарын 100% қамтуды қамтамасыз ете отырып, ересектердің де, балалардың да туберкулезіне скрининг жоспарын орындаудың, дәріге сезімтал және тұрақты туберкулезді емдеу тиімділігінің көрсеткішін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті, сондай-ақ туберкулез инфекциясын диагностикалау және емдеу, стигманы төмендету, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарды белсенді тарта отырып кемсіту мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру
туберкулезге қарсы қызметтің басымдығы туберкулездің профилактикасы, оны уақтылы анықтау және сәтті емдеу болып табылады.
Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді бақылаудың барлық заманауи тәсілдері енгізілді, олар республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады және тегін көрсетіледі.
Қызылорда облысында 2023 жылдың 6 айына туберкулез ауруының 209 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 жағдайға немесе 5,9 пайызға төмен.
Алғаш тіркелген туберкулез ауруының 90% тыныс алу жолдары туберкулезі құрады. Оның ішінде 34%-і туберкулездің жұқпалы түрі. Ағымдағы жылы тыныс алу жолдары туберкулезі 7 жағдайға, ал туберкулездің жұқпалы түрі 26%-ға төмен қалыптасты.
Кәсіби құрамы бөлігінде сырқаттанғандардың 35% – жұмыссыздар, 29% – зейнеткерлер арасында тіркелді.
Есепті мерзімде облыс бойынша 9 581 сәби дүниеге келіп, перзентханада нәрестелерді БЦЖ вакцинасымен егумен қамту көрсеткіші 97,2%-ды құрады. Егілмей перзентханадан шыққан 241 балалың 144-і уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерге, 31-і тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 64 бала ата-анасының вакцина салдырудан бас тартуына байланысты екпе алған жоқ.
Облыс көлемінде 2023 жылы Манту сынағына 68 681 тұрғын жоспарланып, орындалу көрсеткіші 98,4% құрады. Флюрографиялық тексеруге жоспарланған 193 707 тұрғынның 189 770 тексерумен қамтылып, орташа көрсеткіш 97,9%-ды құрады
Туберкулез ауруының негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауырып қалу қаупі жоғары.
Туберкулез белгілері қалай байқалады?
Туберкулез белгілері бірден байқалмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай: тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер байқалады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексеруден өту қажет.
Алдын алу шаралары
Жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шықпай тұрып, туберкулезге қарсы екпе егіледі, екпе құрамында әлсіреген туберкулез таяқшалары болады. Вакцина құрамындағы бактериялар ағзаға түскеннен кейін иммунитет қалыптасады.
Перзентханада егілген туберкулезге қарсы екпе адамды ұзақ уақыт бойы осы аурудан қорғайды. 7 жаста вакцина қайта салынады. Қайта егу алдында туберкулезге қарсы сынама жасалады.
Ал, ересектер профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақытылы өтіп тұруы тиіс. Флюрографиядан өз уақытында өтудің арқасында туберкулезден ересектер өздерін қауіпсіздендіріп, балаларға жұқтыру қаупін сейілтеді.
Ағзаның саулығы, негізінен, дұрыс тамақтануға, дұрыс демалуға, қимыл-қозғалысқа, өмір сүру салтына тікелей байланысты. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарауға болмайды.