Жаңа оқу жылы қарсаңында 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында ауданымызда «Мектепке жол!» жалпы Республикалық акциясы өткізілуде.

Акция мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда. Осы орайда, барлық білім беру мекемелерінде «Мектепке жол!» акциясының кестесі бекітіліп, оған барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, ата-аналар қауымы, мекеме басшылары және кәсіпкерлер мен мердігерлер қатыстырылуда. Үстіміздегі жылы жалпы 18 802 бала білім алатын болса, 1644 бала мектеп табалдырығын аттайды.
Өткен оқу жылында Жалпы міндетті оқу қоры есебінен тұрмысы төмен, көпбалалы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 4042 баланың құжаттары қабылданып, 37 369 теңге (151 млн 45 мың 498 теңге) қаржылай көмек берілсе, үстіміздегі жылы 4240 отбасы балаларына жаңа оқу жылында әр балаға 40 567 теңге көлемінде (171 млн 445 мың 804 теңге) қаржылай көмек көрсетілетін болады.
Қазіргі таңда тұрмысы төмен 1 580 балаға бюджеттен тыс көздерден (39 млн 500 мың теңге) көмек көрсетілу жоспарланды.

«Балаларға жақсылық сыйла!» ұранымен 1 – 20 тамыз аралығында тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп формасы және мектеп құрал-жабдықтары 545 балаға (13 млн 625 мың теңге) көмек түрлері ұйымдастырылды. Бұл шара 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

БӨЛІСУ