Арал қаласында «Мектепке жол» акциясы мектеп тауарлары мен оқу құралдарының жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – ата-аналардың алысқа бармай-ақ, балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден алуын ұйымдастыру, халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.

Аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов, аудандық мәслихат төрағасы Б. Төреахметов пен қоғамдық кеңес төрағасы А. Жоланов жәнә мекеме басшылары аталған жәрмеңкеге барып, оқу құралдарының сатылымын бақылап өтті.

Жаңа оқу жылының қарсаңында қаламсап пен дәптерден бастап, мектеп формасы, аяқ киім мен сөмкеге дейін барлық мектеп құралдары тұрғындарға ұсынылды. Сөреге қойылған тауарлар бағасы нарықтағыдан төмендетіліп сатылды.

БӨЛІСУ