Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22 тамыз күні №201 мектеп-лицей базасында «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбында әдістемелік алаң болып өтті. Әдістемелік алаңға аудандағы барлық мектептердің информатика пәні мұғалімдері қатысты.
«2023- 2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру және талдау;
Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату жұмыстарын жүргізу;
Білім беру ұйымдарындағы педагогтардың кәсіптік дағдыларын жетілдіру;
Секция отырысы жұмысына бөлім басшысы Талғат Құрақбайұлы арнайы барып, жаңа оқу жылындағы бір қатар жаңалықтармен бөлісіп, ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.
Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Сарсенов. өткен оқу жылындағы мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктеріне талдау, жаңа оқу жылы барысында жоспарланған жұмыстарды таныстыру, 2023-2024 жаңа оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хаттағы басты ерекшеліктер мен оқу бағдарламасындағы өзгерістермен бөлісті.
Информатика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлар, білім беру цифрлық ресурстарын тиімді қолдану, инновациялық мектептердің атқарылған жұмыстары, «Python бағдарламасында олимпиада есептерін құру тәжірибесі, білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау сұрақтары тақырыптарында жұмыстар көрсетілді.

БӨЛІСУ