Ауданға іс сапармен келген халық қалаулысы Мұрат Әбенов Қазалы қаласындағы «Қазалы» кәмпиті цехына арнайы ат басын бұрып, цех жұмысымен танысты.

Цех қызметкерлері арнайы келген Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновке цехтің жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде халық қалаулысы жұмыстарына сәттілік тілеп, кәсіптері өрлей беруіне тілектестігін білдірді.

«Қазалы» кәмпиті өнімдерін шығаратын цех тәтті кәмпит түрлерін шығаратын автоматтандырылған кәсіпорын. Қазіргі таңда цехта конфеттің жалбыз (ащы), барбарис, саломка (бор кәмпит), ала кәмпит сияқты 8 түрі шығарылуда. Бүгінде «Қазалы» кәмпитіне сұраныс жоғары.

Осы күні «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне арнайы барып, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Білім ордасының тәрбие іс жөніндегі орынбасары Гүлнар Күзембаева колледж «Жас маман» бағдарламасы арқылы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, колледждегі жатақхана мен бірқатар оқу корпустарына жөндеу жұмыстары қажет ететіндігін жеткізді. Бүгінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалған.

БӨЛІСУ