Аудан әкімі Нұржан Ахатов халықпен кездесулері аясында Бала би ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары жаңадан салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысына ризашылықтарын білдіріп, көптен бері айтылып жүрген мәселенің шешімін табатындығына қуанышты екендіктерін айтты. Мұнан бөлек, биыл ауылда «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Ал, кездесу барысында тұрғындар жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен спорт мектебінің жобасында жылу қазандығының қарастырылмағандығын, еске жылу қазандығының ауқымды ғимаратты жылытуға шамасы жетпейтіндігін айтып, көмек сұрады. Аудан әкімі жылу қазандығының жағдайымен танысып, тиісті басқармамен жұмыстар жасалынатындығын айтты.

Былтыр аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында және әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту жолында біршама жүйелі жұмыстар атқарылды. Өткен жылы аудан бюджетінің кірісі 22 млрд 470 млн теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 23 млрд 277 млн теңге болып, 103,6 пайызға артты.

– Аудан экономикасына тікелей ықпал ететін барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде де айтарлықтай өсім қалыптасты. Атап айтар болсам, өнеркәсіп өнімін өндіру – 114,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 101,2 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 103,1 пайызға, инвестициялар тарту – 176,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 101,7 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 120,2 пайызға және бөлшек сауда көлемі – 104,2 пайызға артты, – аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Айта кету керек, былтыр ауданда 3623 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 3655 жұмыс орны құрылып, жоспар 100,8 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, жалпы халықтың аз қамтылған бөлігіне қайырымдылық, қамқорлық шараларын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есептік кезеңге 5263 отбасына 55 млн теңгеге қайырымдылық көмектер жасалды.

Аудан халқы атамзаманнан бейнетке дағдыланған, атақты дала академигінің ізбасарлары еңбек ырғағынан ешқашан жаңылған емес.
Жыл қорытындысымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6 543 бірлікті құрап, 121,3 пайызға артты.
Сондай-ақ, аудан көлемінде жыл басынан бері 1 млрд 332 млн теңгенің 16 жобасы іске қосылып,129 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы құны 5 млрд 925 млн теңгені құрайтын 770 жоба қаржыландырылды.

БӨЛІСУ