Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлының медициналық ұйымдар жұмысымен танысу сапары Қармақшы ауданында жалғасты.

Аймақтың бас дәрігері алдымен Ақжар дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысса, одан әрі Тұрмағамбет дәрігерлік амбулаториясының, Ақтөбе дәрігерлік амбулаториясы, Дүр Оңғар дәрігерлік амбулаториясы және Қармақшы аудандық ауруханасына қарасты «Шипагер» емхана бөлімшесінің жұмысымен танысты. Онда емхана, аурухана бөлiмшелерiн аралады.
Одан соң Қармақшы аудандық ауруханасының қызметкерлерімен қатар аудан тұрғындарымен кездестi.
Медицина мекемелері жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті.
Халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатындағы қоғамдық қабылдауда тұрғындар медициналық кеңестерге жүгінді.
Аймақтың бас дәрігері сапар соңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлымен кездестi.

БӨЛІСУ