18 тамыз күні Қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясы өтті. Сессия отырысына мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібінде «2023-2025 жылдарға арналған кент және ауылдық округ бюджеттері туралы Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бюджет жобасына сәйкес, Ақсуат ауылдық округіндегі, Ж.Махамбетов ауылындағы Х.Манабаев, Орманбаевтар, Қ.Иманбердиев, М.Тоқтамысов, О.Жакенов көшелеріне асфальт көше құрылысына, А.Найзақараев, П.Тілепбаев, Б.Жүсіпбеков, Канал-2 көшелерінің автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға, автобус аялдамасын орнатуға және түнгі жарық бағаналарына металл құрылымдарын орнатуға, Тасбөгет кентіндегі Абенов, Абдибаев, Ертуғанов көшелеріне жарық бағаналарын орнатуға, кентті абатандыру жұмыстарына, Белкөл кентіндегі Сарыарқа, Зеленая, Абуов, Есмаханов көшелеріне түнгі жарық орнату жұмыстарының жобалық сметалық құжаттарына, Бірлік, Айкөпешова, Әбдіқадыров, №3 көшелерге жаяу жүргінші жолдарын орнатуға, кентке кіре беріс қақпаға, жарық шам бағаналарына безендіру жұмыстарын жүргізуге, кенттің Орталық көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасы мен сараптама қорытындысын әзірлеуге, Қызылжарма ауылдық округіндегі Сексенбаев, Батырбаев, Досқожин көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына, балалар ойын алаңын орнату жұмысының жобалық сметалық құжаттамасына, Қосшыңырау ауылдық оркугінің Досан ауылына жаттығу алаңын орнатуға, Қызылөзек ауылдық округіндегі Д.Сариев және Ж.Жабаев көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарының жоба сметалық құжаттамаларына, Ақжарма ауылдық округіндегі Баймұрат батыр ауылына жол белгілерін орнатуға қаржылар бөлінді.
Сонымен қатар, депутаттар тарапынан ауылдық елді мекендердегі үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктер жүретін жолдарды жөндеу, Талсуат ауылдық округіндегі орта мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу, Тасбөгет кентіндегі №257 орта мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық елді мекендердің салықтық түсімдерін арттыру бағытында жұмыстар жасау туралы ұсыныстар айтылды.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары, қалалық дербес бөлімдер мен арнайы шақырылған мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

БӨЛІСУ