Балық шаруашылығын дамыту бағытындағы заңнамаларды және алдағы өтетін су айдындарын бекітіп беру конкурсының талаптарын түсіндіру мақсатында, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Нәлібаев  Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындарымен және табиғат пайдаланушылармен кездесті.

Сонымен қатар Инспекция басшысы оңтүстік өңірдегі дамып келе жатқан балық шаруашылықтары «Kaleke group» ЖСШ-нің және «NURSAULE FRUITS» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты.

«Kaleke group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 30 тонна тауарлы «карп» балығын шығарады. Көлемі 350х240, 260х240 және 600х30 үш тоғаны бар.
«NURSAULE FRUITS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі жұмысы балық өсірумен, балық өнімдерін өңдеумен айналысады.Қазіргі уақытта тауарлы балықтардың жоғарыда аталған бірнеше түрлері өсіріліп келеді. Кәсіпорынмен алдағы уақытта балық өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын болады. Яғни, жаңа мұздатылған балық, тұздалған балық, ыста ысталған балық,салқын ысталған балық, балық консервілері т.б. өнім түрлері шығарылады.

БӨЛІСУ