Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында семинар өтті.

Оған қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері, мектеп, мектепке дейінгі және балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері, асхана, медицина мамандары қатысты.

Аталмыш семинар барысында қоғамдық тамақтану орындарында топтасқан тағамнан улануды болдырмау және алдын алу, қолданыстағы нормативтік–құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер,мектеп, мектепке дейінгі және балаларды сауықтыру ұйымдарында топтасқан тағамнан уланудың алдын-алу бойынша атқарылатын іс-шаралар және облыс бойынша тамақ өнімдердің қауіпсіздігі және жүргізілген мониторинг қорытындылары айтылып, түсіндірмелер берілді.

БӨЛІСУ