Ағымдағы жылдың тамыз айының 14 мен қыркүйек айының 30 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Қожаевтың нұсқауына сәйкес «Учаске» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізілуде.
Іс шара барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция қызметкерлерімен 733 (480 көп қабатты пәтер және 253 жер үй), жалға берілетін 7 пәтер және көшелер араланып тұрғындарға визиткалар таратылды, профилактикалық есепте тұратын 47 тұлға (мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар-15, ерекше талап қойылғандар-2, қорғау нұсқамасы шығарылғандар-9, әкімшілік қадағалауға формальды түрде жататындар-6, пробация санатымен-14, қолайсыз отбасы-1), әкімшілік құқық бұзған 56 азамат (ҚР ӘҚБтК-нің 517, 518, 519, 492, 493, әр-түрлі баппен-30), 1 мешіт тексерілді.
Арал ауданының полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері және аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары, аудандық білім бөлімі қызметкерлері және Арал қаласы әкімінің орынбасары Ә.Сейтов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын – алу мақсатында бірлескен іс-шара жоспарларына сәйкес рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Рейдтік іс шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын-жайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында кафе барлармен, ойын-сауық орындарын араланып, жеке кәсіпкерлерге жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейінгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуы ҚР әкімшілік құқық бұзушық кодексінің 442 бабының 1 бөлігінде қаралып, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынатындығы, ал ойынхана, мейрамхана иелеріне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 132 бап 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылғандығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды.