Спортшылардың кәсіби мерекесі Спорт күні аудандық мәдениет үйінде “Спортшылар—ел мақтаны” атты салтанатты шара ретінде аталып өтілді.

Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы спортшыларды төл мерекесімен құттықтап, саланың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Жаңақорған ауданындағы √8 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, белбеу және қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт төрешісі ӘБДІСАТТАР АЛДАБЕРГЕНҰЛЫНА “Қазақстан Республикасының Еңбек Сіңірген қайраткері” төсбелгісін және ел намысын халықаралық, республикалық ареналарды қорғап жүрген спорт саңлақтары мен жаттықтырушыларға облыс әкімі мен облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының Алғыс хатын табыстады. Ауданымыздың спорт саласының саңлақ ардагерлері де сөз сөйлеп, аудан спортшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, шынайы лебіздерін білдірді.

Шара барысында аталған салада еңбек етіп жүрген мамандар мен кәсіби спортшылар да аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, спорт саласын дәріптеп, оның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар спортшылар мен спорт күніне орай ауылдық округтер арасында ұйымдастырылған шағын футболдан аудандық жарыстың жеңімпаз командалары аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшының Алғыс хатына ие болды.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

БӨЛІСУ