Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбеновтың жұмыс сапары Жалағаш ауданында жалғасты.
Мәжілісімен алдымен Ақсу ауылдық округіне қарасты «AB – AGRO ORDA» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді. Онда егішілер шаруашылық құрылымдарына техниканы несие арқылы рәсімдеу заңдылықтарының жеңілдетілген түрлерін қарастыру және су тапшылығына қатысты сауалдарын қойды. Фракция мүшесі егіншілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, мұнан бөлек ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, шағын және орта бизнесті дамыту үшін 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру бағытында «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайын айтты.
Мұнан соң депутат М.Шәменов ауылында сайлаушылармен кездесіп, онда елдегі соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуде фракция мүшесі сапардың мақсаты ауылдағы ағайынның жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін атап өтті.
Сапар барысында халық қалаулысы Мұрат Абдуламитұлы аудандық партия филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары білім, денсаулық саласына қатысты, тұрғын-үй, еңбек ақы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстар жолдады.
Мұнан бөлек фракция мүшесі «AMANAТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезекті XXXVII есеп-беру сайлау конференциясына қатысып, филиалдың атқарған жұмыстарымен танысты.