Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сәйкес бүгінгі күнге 963 адам пробация есебінде тұр.

Оның ішінде 571 адам өз бетінше жұмыспен қамтылған, 147 адам еңбекке қабілетсіз (мүгедектер, зейнеткерлер, бала күтіміндегілер, т.б.).

Жұмыспен қамту органдарында есепті кезеңге облыс бойынша 243 адам жұмыссыз ретінде тіркелді. Олардың ішінен 139 адам тұрақты, 45 адам уақытша жұмыспен қамтылды.
28 адам «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 20 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант иеленді. 42 азаматтың отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 51 отбасыға  көмек көрсетілді.

2023 жылға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарына белгіленген квотамен 94 адам жұмысқа орналастырылды.

БӨЛІСУ