Ағымдағы жылы  облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев, облыстық мәслихат депутаттары, екі облыстың мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері және «Байтақ» жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы қоршаған ортаның жағдайы мен экологиялық мәселелерді талқылауға арналған жиында бас қосты.

Облыс әкімдігінің ғимаратында өткен жиынға Атырау облысы әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы Қызылорда облысына арнайы келді. Жұмыс тобы Қызылорда облысындағы қоршаған ортаны ластау салдарынан туындаған зиянды экономикалық бағалауды белгілеу мақсатында тәжірибе алмасты.

Экологиялық мәселелерді шешуге арналған жиында қатысушылар қоршаған орта, көгалдандыру, Каспий мен Арал теңізінің жағдайы, экономикалық мәселе, адам денсаулығы, халыққа тиесілі экологиялық үлес мәселесі бойынша жан жақты талқылау жүргізді.

Экологиялық  жағдай  қазіргі  уақыттағы  күрделі  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ол  біздің  елімізде  де,  әсіресе  индустриялы,  дамыған  орталықтарда,  соның  ішінде  ауыл  шаруашылық  аймақтарында  да  өткір  түрде  қойылуда. Табиғи   қорларды  тиімді  пайдалануда,   қалаларды,  елді   мекендерді  көгалдандыруда,  ұлттық  парктер,  көгалды  аймақтар  жасауда  көптеген   шаралар   іске  асырылса  да,  айналадағы  ортаны  қорғаудағы   жауапсыздық, болашақты  ескермеушілік  орын  алып  отыр.

Ауаның,  судың,  жердің  ластануы  салдарынан  адамдардың  өміріне  және  олардың  өмір  сүру  ортасына  зор  қауіп  төніп  келеді.  Көптеген  индустриялы  аудандарда  айналадағы  ортаның  ластануы   қажетті  нормалардан   асып түскен.  Қазіргі  уақытта   табиғат  және  биологиялық  орта  тұтас  алғанда   бүкіл  адамзат  алдына  кұрделі  талап  қойып  отыр.

БӨЛІСУ