«100 нақты қадам – Ұлт Жоспарының» 42-қадамына сәйкес кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей салықтық декларациялау жүргізу көзделген. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін бақылаудың тиімді жүйесін құру.

Мұндай жүйе көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

2023 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңінде:
​Мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары);​​​​​​​​​​Квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын» (250.00 нысанды) тапсыруға міндетті.
​Бұл ретте, Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері (мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. қызметкерлер. Яғни, мемлекеттік мекемеден жалақы алатын барлық қызметкерлер) жатады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар жатады.

​Ағымдағы жылы «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын» (250.00 нысанды) ұсыну міндеттемесі туындаған жеке тұлғалар үшін, салық есептілігі нысанының түрі «бастапқы», салық төлеушінің «Б санаты» бойынша, 2023 жылғы салық кезеңі үшін ұсынылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 633-бабына сәйкес, 2022 жылы 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын» ұсынған жеке тұлғалар, ағымдағы жылы 2022 жыл үшін 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясын» ұсынады.
Жоғарыдағының негізінде аталған декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «App Store» немесе «Play Market»-тен «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшаларын жүктеу арқылы тапсыруға болатынын назарыңызға жеткізеді.

Декларацияларды Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 632-бабына сәйкес электронды түрде 2023 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызынан кешіктірмей ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген «активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияда, «кірістер мен мүлік туралы» декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді ұсыну, Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік шара көзделетіндігін назарларыңызға жеткізеді!

БӨЛІСУ