Қызылордада Қызыл кітапқа енгізілген “Қаяз” балығын аулап алған азамат ұсталды.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы маманы мен Қызылорда облысы Қазалы АПб-нің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторы бірлесіп жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында 2023 жылдың 15 тамыз күні сағат 05:50 шамасында Әйтеке би кентіндегі көшелердің бірінде күдік тудырған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатқан.  

Тексеру барысында автокөлік ішінен  Қызыл кітапқа енгізілген 1 дана “Қаяз” балығына ұқсас балық анықталған. Сонымен қатар айғақ зат ретінде  1 дана резеңке қайық,  2 дана езкек, 7 дана әр түрлі балықтар және 7 дана жіп аулары алынған.

БӨЛІСУ