ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Сырдария ауданында сайлаушылармен кездесіп, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген бірнеше нысандардың жұмысымен танысты.

Фракция мүшесі алдымен Іңкәрдария ауылында болып, ауыл тұрғындарына соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Тұрғындардың ұсыныс – пікірлерін назарға алды.

Мұнан соң аталған ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекетінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс сапасын бақылады. Фельдшерлік – акушерлік бекеттің күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 51,8 млн. тг. қаржыны құрайды. Бас мердігер «Жылу ХХІ» ЖШС. Жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 01 маусымы күні басталған. Пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.

Сапар барысында депутат Шаған ауылындағы макарон өнімдерін шығаратын цех жұмысымен танысты. Мұнда жоба қуаты сағатына 80-100 кг макарон өнімдерін шығару жоспарлануда. Әзірге 3 жаңа жұмыс орны ашылды, жұмыс ауқымдылығына қарай болашақта 5 ке дейін көбейту көзделіп отыр. Қазір ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, құрал жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен жүздескен фракция мүшесі, азаматтардың мәселелерін тыңдап, заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

БӨЛІСУ