Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов аудандағы мүмкіндігі шектеулі жастармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Өз кезегінде сөз алған қайсар жандар оңалту орталықтарына бару үшін квота бөлу, ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша мәселелерді көтерді.

Кездесуде аудандық мәслихат депутаты Есет Табынбаев та сөз алып, көкейде жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында Дәурен Оңғарбайұлы көтерілген түйткілдер шеңберінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, аудан көлемінде мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретіндігін атап өтті.

Айта кеткен жөн, жиынға аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов және тиісті сала мамандары қатысты.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ