2023 жылдың ІІ тоқсаны бойынша Қызылорда қаласы аумағында 131 өрт оқиғасы тіркелген.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы БақтиярТұрманов толық мәлімет беріп өтті.
– Жыл көлемінде жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан қала көлемінде 131 өрт оқиғасы орын алды. Өрттің басым көпшілігі, яғни 52 өрт оқиғасы тұрғын үй секторында, 38 өрт оқиғасы автокөлікте орын алған.Бұдан бөлек, суға шомылу маусымында су айдындарында жазатайым оқиғалар жиі орын алады. Бұл көбіне тұрғындардың тыйым салынған орындарда шомылуынан, су қоймаларының жанында алкоголь ішуінен және балаларды қараусыз қалдыруынан болады. Сондықтан қала тұрғындарын қауіпсіздік ережелеріне басты мән беруге шақырамыз, – деді БақтиярТұрманов.
Бұдан бөлек, қалада терезеден құлау дерегі азаймай тұр.
Мәселен, биыл балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуынан, қорғағыш торлардың дұрыс бекітілмеуінен балалардың терезеден құлау оқиғасының 11 фактісі тіркеліп, әр түрлі жарақатпен емдеу мекесіне жатқызылды.