Жыл басынан бері республика халқының арасында 25 нозология, оның ішінде тырысқақ, оба, паратифтер, іш сүзегі, туляремия, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, құтырма, безгек, висцералдық лейшманиоз, пастереллез бойынша ауру жағдайлары тіркелмеген.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39 инфекциялық нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде ботулизм 45%-ға, ротавирустық энтерит 25%-ға, есекжем 9%-ға, сальмонеллез 12%-ға, туберкулез 6%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Республикада соңғы 3 жылда тырысқақ ауруы және соңғы 10 жыл ішінде жергілікті жағдайлар болған жоқ, дегенмен ДДҰ мәліметтері бойынша 2023 жылы әлемде көрсеткіштер бірнеше жыл төмендегеннен кейін тырысқақтан сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің күрт өсуі байқалады.

Тырысқақ инфекциясы тырысқақ вибрионын жұқтырған суды тұтынған кезде, оны қолды, көкөністерді, жемістерді, ыдыстарды, тұрмыстық заттарды жууға, шомылуға және т. б. қолданған кезде пайда болады.

«Осыған байланысты тырысқақ бойынша эндемиялық елдерге барған кезде жеке гигиена ережелерін сақтау, ішу үшін бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану қажет, денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда дәрігерге қаралу қажет», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Ағымдағы жылы біз қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуін байқап отырмыз, бүгінгі күні қызылшаның 3 037 жағдайы тіркелді.

Аурудың өсуінің себебі қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинацияланбаған балалар санының артуы болып табылады, бұл егілмеген балалардың арасында сырқаттанушылықтың 72% -ында тіркелуімен расталадыЕгілмегендердің 60%-ы ата-аналардың вакцинациялаудан бас тартуына (1 282), сонымен қатар медициналық қарсы көрсетілімдер себебінен науқастардың 20%-ы вакцинацияланбауынан (416) және егу жасына жетпегендіктен 20%-ының ауыруына байланысты (431).

Бүгінгі таңда қажетті шараларды қабылдай отырып, қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Вакцинациялау балаларды ауыр инфекциялық аурулардан қорғаудың жалғыз жолы болып қала береді.

Соңғы уақытта Министрлік қана емес, сонымен қатар жұртшылық әртүрлі кафелер, мейрамханалар, фаст-фуд пункттері, соның ішінде білім беру объектілері кіретін қоғамдық тамақтандыру субъектілерімен байланысты топтық тамақтан уланудың өсуіне алаңдайды, бұл балабақшалар мен мектептердің асханалары.

ҚР Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова тамақтан улануды болдырмауға көмектесетін бірқатар ұсынымдар берді:

1) мейрамханалар мен кафелерді мұқият таңдаңыз, жақсы мекемелерге барыңыз;

2) рецептурасы термиялық, әсіресе теңіз өнімдерін өңдеуді көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан аулақ болыңыз;

3) үй жағдайында тамақ өнімдерін дайындау шарттарын, температуралық режимді және сақтау мерзімдерін сақтаңыз».

БӨЛІСУ