Қызылорда облысы бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Е.Бөрібаевтың төрағалық етуімен сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті.

Семинарға департаменттің бөлім басшылары, қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген соттардың сот әкімшісі басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Е.Бөрібаев семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, алғаш баяндама жасау үшін құжат айналымы бөлімінің бас маманы Г.Тәуекелге сөз берді.
Г.Тәуекел мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін кеңейту бағыты бойынша баяндама жасап, Қызылорда облысы соттарының басым көпшілігінде жұмыс жоспарлары, өкімдер, хаттамалар, ішкі құжаттар әзірленетін, жедел кеңестер, соттардың бір-бірімен, мемлекеттік органдармен хат алмасуы мемлекеттік тіл жүргізілетінін, алайда кейбір кіріс құжаттарының, сот істері бойынша талап қоюлар мен шағымдардың сотқа орыс тілінде берілетіндіктен облыс соттарында мемлекеттік тілді қолдану аясы толықтай 100%-ға жетпейтінін айта келе, алдағы уақытта көптеп орыс тілінде хат жіберетін банк-қаржы ұйымдарымен, адвокаттармен, заң кеңесшілерімен мемлекеттік тілде құжат айналымын қалыптастыру бойынша кездесулер ұйымдастыруды ұсынды.
Келесі болып осы бөлімнің бас маманы А.Шадаева құжаттарды, сот істерін іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және жалпы архив жұмыстарына қатысты мәселелер туралы айтып, ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының 08.06.2023 жылғы өкімімен сақтау мерзімдері көрсетіле отырып сот қызметінде қалыптасатын құжаттардың тізбесі бекітілгенін, аталған тізбеде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімдерін азайтуға және тиісті кезең үшін тұрақты сақталудағы істер тізімін тиісті мемлекеттік архив мекемесінің алдын ала бекітуінсіз құжаттарды жоюға тыйым салынатынын жеткізді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға «апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы О.Қожаева айтып, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» туралы мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының бұйрығымен бекітілген Қағидаға 2022 жылы бірқатар өзгерістер енгізілгенін, осыған сәйкес жаңадан өтініш үлгісі енгізілгенін, апостиль қою арқылы қағаз нысанмен қоса электрондық нысандағы құжаттығы мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтынын, сондай-ақ ӘРПК талаптарына сай қызмет атулшыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарланатынын айтты.
Келесі болып ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары талаптарының сақталуы бойынша баяндама жасап, қазіргі таңда барлық сот залдары сот отырысатырын жазудың жаңа құрылғыларымен қамтамасыз етілгенін, аудио-, бейнежазбаның сапалы жазылуына сот отырысы хатшыларының тікелей міндетіне жататынын, сондықтан нұсқаулық бойынша жұмыс жасап, сот отырысы аяқталған соң жазбаны міндетті түрде тексеру қажет екенін атап өтті.
Осы мәселе бойынша Е.Бөрібаев «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу» Қағидалары бойынша сот отырысына қатысушы тараптарға Қағида талаптарына сәйкес аудио бейнежазба көшірмесін алу үшін арнайы үлгіде бекітілген арызбен жүгінуі тиіс, арызға дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіліп, қолхат берілетінін, сонымен қатар аудио-бейне тек қылмыстық істер бойынша, ал азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша дыбыс жазба ғана берілетінін атап өтті.
Баяндамалардан соң қатысушылар талқылау өткізді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ