“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өтініштері мен қабылдауы бойынша есеп береді.
2023 жылдың 1 жартыжылдығында ведомство “Е-Өтініш” АЖ, “Documentolog” АЖ, ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің “Ашық диалог”порталының блог-платформасы арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 15 мыңнан астам өтініштерін қарады.
Сондай-ақ, ҚР ДСМ ресми интернет-ресурста бекітілген және орналастырылған кестеге сәйкес 1 жартыжылдықта Министрлік басшылығының 37 қабылдауы ұйымдастырылды, 314 адам қабылданды.
Сонымен қатар, Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған 74-37-27 “Сенім телефоны” және 74-32-43, 74-32-40 анықтама телефондарының жұмысына қатысты 2400-ден астам қоңырау қабылданды, ал Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 478 өтініш беруші қабылданды.
Өтініштерді талдау негізінде ең өзекті мәселелер бөлінеді:
– денсаулық сақтау және санитария саласындағы өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру;
– амбулаториялық-емханалық көмек;
– дәрілік заттарды қазақстандық дәрілік формулярға қосу;
– мүгедектігі бар адамдарға медициналық қызмет көрсету.
“Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беретін” халық үніне құлақ асатын мемлекет ” тұжырымдамасын іске асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясат контекстіне енген үйлесімді мемлекет құруға болады”,-деп атап өтті Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.