Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті. Аталған отырысқа облыстық мәслихат депутаттары Н.Бақытбекұлы, Б.Махашов, Қ.Нұрсейтов, Ж.Нұрымбетов, А.Рахметов, Н.Сопбеков, Қ.Боранбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Құрманбаев және басқарманың тиісті сала мамандары қатысты.

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Облыста коммуналдық қалдықтарды басқару туралы және Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы 2 мәселе қаралды. Аталған мәселелер бойынша басқарма басшысы М.Құрманбаев хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, отырыс соңында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.

БӨЛІСУ