Медиация туралы заңының аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес.
Елде дауларды шешудің оңтайлы әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қолданылып келеді.
Медиация – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара бейбіт келісімге келу болып табылады.
Бүгін аудандық қоғамдық даму бөлімінің мәжіліс залында аудан әкімдігі мен аудандық сот, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық сот әкімшісінің басшысы Н.Әбдікәрімов, аудандық прокуратураның прокуроры Б.Жұмағали, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Оспанов қатысты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы ауданда қызмет көрсететін медиаторларға аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлының арнайы құттықтауын жеткізіп, дауларды шешудегі ерекше қызметтері үшін алғыс білдірді.
Бүгінде ауданызда 3 Алқабилер, 42 медиаторлар бар. 2023 жылы медиаторлардың қатысуымен 6 қылмыстық іс бойынша 7 адам, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 20 іс, азаматтық істер бойынша 75 іс медиаторлардың көмегімен бітімге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 30 % артып отыр.
Шара соңында аудандағы бірқатар медиаторлар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кету керек, бұған дейін 5 тамыз – Медиация күніне арналған апталық аудан көлемінде өткізіліп, кітапханаларда тақырыптық лекциялар оқылып, семинарлар өткізілсе, аудандық өлкетану музейінде ашық есік күні болып өтті.