«1-7 тамыз – Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру» апталығы аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық перинаталдық орталығының «Ресурстық орталығы» және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен №3 қалалық емханасында «Жас аналарға кеңес» атты іс-шарасы болып өтті.

Шараның ашылуында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Миранбайқызы мерекемен құттықтап, аналарға дәрігерлiк кеңесiн берiп өтсе, «Ана сүтімен қоректендіру» бағдарламасының өңірлiк үйлестірушiсi Нұргүл Скакова ана сүтімен қоректендірудi қорғау және қолдау тақырыбында жас аналарға кеңес берiп өтті.
Одан бөлек облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының валеолог маманы Зарина Абдирова, облыстық перинаталдық орталығының мейiргері Құралай Бегiмова және №3 қалалық емхананың Ақбала Садықова дені сау бала кабинетінің мейіргері, тамақтану пирамидасы туралы тарқатты.
Одан соң аналармен сұхбат ұйымдастырылып, жадынамалар үлестiрiлiп, аниматорлар көрсетiлiмi қойылды.
Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар таратылып, естелікке суретке түстi.

БӨЛІСУ