Ағымдағы жылдың шілде айының 28-30 күндері аралығында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, бөлім бастығының бұйрығымен жасөпірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын-алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бузушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімнің еңбегін заңсыз пайдалану деректерін анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын-алу мақсатында, Қармақшы ауданы көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, аудан көлемінде орналасқан ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, жастар көптеп шоғырланатын қоғамдық орындар, мейрамханалар мен кафелер толықтай араланып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жасөспірімдердің түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубтарда, кафе барларда отыруға, сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғандығын ескертеді.

БӨЛІСУ