Департаментте 1-жартыжылдықтың жұмысы қорытындыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде І-жартыжылдықта атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері туралы «Мемлекеттік қызметтің жай-күйі» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиевтің төрағалығымен өткен жиынға мемлекеттік органдардың басшылары мен онлайн форматта аудан әкімдіктері қатысты.
Мәжілісте атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің салалық басқарма басшылары баяндама жасап, жұмыс барысындағы проблемалық мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, аймақтағы мемлекеттік қызметті өткеру жағдайы, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамалары талаптарының сақталуы айтылды.
Департамент басшысы Е.Мендалиев мемлекеттік қызмет заңдылықтарына енгізілген өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік органдар тарапынан олқылықтарға жол бермеуді тапсырды.
Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады.

БӨЛІСУ