Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Шәменова Балжан Мөрәліқызы партия алаңында кезекті қабылдауын өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады.

Қабылдауда Тасбөгет кентінің тұрғындары Тасарық, Копес саяжайларына және кент шетіндегі бейітке баратын жолға асфальт төсеу туралы өтініші білдірді.

Б. Шәменова облыстық бюджетке жол төсеу туралы өтінім тасталғанын жеткізді. Бюджеттік өтінім құны 733 млн тг. құрайды. Алайда ағымдағы жылдың бюджетінің қосымша қаралуына қосудың ұтымсыз екені, 2024 жылдың негізгі бюджетіне енгізу мүмкіндігі қаралатыны айтылды. Тасбөгет кентінің әкімін облыстық мәслихатқа шақырып, өтініш иелерінің қатысуымен қосымша талқылау өткізу, аталмыш жолдың қай аумақтық бөлініс балансында екенін анықталатын болып келісілді.

Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсету бойынша кәсіпкерлерге ұсыныс білдіреді. Көмек білдіруге ниетті азаматтар анықталған жағдайда өтініш иесіне қосымша хабарланатын болады.

Ауруханада жатқан баласына дәрі-дәрмек алуға көмек сұраған тұрғынның мәселесі бойынша Облыстық балалар ауруханасына тиісті ұсыныс білдіріліп, мәселенің оңтайлы шешілуі бақылауда болатыны айтылды.

БӨЛІСУ