Мерзімді қызмет сарбаздарына несиелік демалыс беру: проактивті формат енгізіледі.
Әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев цифрландырудың бұл процесті оңтайландыруға қалай әсер еткені туралы айтып берді.
Ведомство басшысының орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, жобаны іске асыру барысында сарбазға арыз жазу қажеттігіне тікелей байланысты кейбір бюрократиялық сәттер туындаған. Бұл өтініш қаржы ұйымына жеткенше, бірнеше ай өтетін және осы уақыт ішінде адамға айыппұл салынатын.
«Бұған жол бермеу үшін қазір мемлекеттік кредиттік бюромен осы функцияны проактивті форматқа ауыстыру мүмкіндігі пысықталып жатыр, онда адамға өтініш жазу қажет болмайды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Әскерге шақыру науқанында Қызылорда қаласынан 200-ге жуық жасты әскерге жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 100-ге жуығы әскерге жөнелтілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі деп жоспарлануда. Әсіресе, әскерге барудан жалтарып жүргендерге іздеу салынып, нәтижелі жұмыстар атқарылады. Бұл бағыттағы жұмыстар маусым айының аяғына дейін жалғасатын болады. Жауапкершіліктен жалтарғандарға айыппұл салынатыны қала тұрғындарына жіті түсіндірілді.