Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов, «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіровпен бірге судан тапшылық көрмес үшін өз қаражаты есебінен қам жасап, электрлі насос қондырғысын орнатқан “Төңкеріс К” шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеевпен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі насос құрылғысының жұмысын көріп, құрылғыны орнатуға кеткен шығындардың «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің есебінен өтелетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, “бұл жұмыстарға тек ірі шаруа қожалықтары ғана емес, шағын шаруа қожалықтары да ат салысу керек”, – деді.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 31 мың 600 гектар жерге түрлі дақылдар орналастырылып, негізгі дақыл ақ күріштің көлемі – 13 мың 189 гектарды құрап отыр.

БӨЛІСУ