Бүгін Майлытоғай ауылдық округінде мемлекеттік қызметте көптеген жыл қызмет етіп, елдің ықыласына бөленген Майлытоғай ауылының тумасы Марсбек Рүстемұлының атына спорт алаңы мен балалар ойын алаңдары берілді.
Салтанатта кешке аудан әкімі Нұржан Ахатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл халқы қатысты.
Кештің алғы сөзін алған аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Марсбек Рүстемұлының өмірінің басым бөлігін коммуналдық салаға арнаған нағыз өз ісінің майталманы болғандығын, аймақ басшысы Шиелі ауданының әкімі болған тұста кент әкімі болған Марсбек Рүстемұлының аудан орталығын көркейтуге қосқан үлесі зор екендігін айтты. Сондай-ақ “Ойын алаңдарының ел игілігіне жарап Марсбек Рүстемұлы көзі тірісінде жасаған игі істерін жалғасын”, деді.
Мұнан соң, зиялы қауым өкілдері өз естеліктерімен бөлісіп, шара соңындв ауылдық мешітте әруақтың рухына құран бағышталып, ас берілді.