Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының I жартыжылдықты қорытындылау бойынша Алқа отырысы болып өтті.

Алқа отырысына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық филиалдарының басшылары және басқарма қызметкерлері мен медицина ұйымдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасының» индикаторлық көрсеткіштерінің 2023 жылдың 6-ай қорытындысы бойынша орындалу барысы, Ұлттық жобаның «Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту» аясындағы ана мен бала денсаулығына қатысты индикаторлық көрсеткіштерінің 2023 жылдың 6-ай қорытындысы, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсан қорытындысымен Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына берілген алқа мәжілісінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы, «Облыс көлеміндегі Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы» инфекциясының эпидемиологиялық және энзоотологиялық ахуалы, проблемалық мәселелері мен атқарылған жұмыстары және БМСК ұйымдарының рейтингісі қаралды.
Аталған тақырыптар төңірегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары Жангелді Мырзагелдіұлы, Мая Миранбайқызы, қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Раушан Сейтқасымқызы және ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Қызылорда облыстық департаментінің бөлім басшысы Ж.Жетілгенова баяндады.
Баяндамашыларды мұқият тыңдаған салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы жиын соңында басқарма басшысына алқа мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстарын саралап нақты ұсыныстарды жеткiзудi тапсырды.

БӨЛІСУ