Бүгін жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында аудан көлеміндегі кәсіпорындармен мен жеке кәсіпкерлер қатарынан 12 жұмыс беруші мекеменің және жұмыс іздеуші 90-ға жуық азаматтардың қатысуымен «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.

Шараға орай аудан әкімі Нұржан Ахатов бөлімге барып, қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер жеке және жұмыс барысына қатысты сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Ал, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудан көлеміндегі кәсіпорындармен, атап айтқанда:
«Ай-Мар» тігін фабрикасы, «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «САС Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жеке кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 30 бос жұмыс орындарына жұмыс іздеуші 14 азамат, сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының үшінші бағыты жастар тәжірибесіне 50-ге жуық азаматтарға жолдамалар берілді.

Сонымен қатар, 25-ке жуық азаматтың түйіндемелері әңгімелесуден өткізу үшін қабылданды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша жұмысқа орналыстырылған азаматтар туралы ақапараттар жұмыс беруші мекемелермен азаматтар арасындағы әңгімелесу (собеседование) өткізілгеннен кейін ұсынылады.
Қазіргі таңда, жұмысшы табылмаған мекемелерге атап айтқанда, «Quicline», «Best-service LTD», «Honeymood-Балдай», «Шиелі Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындарына «Жүк көлігінің жүргізушісі», «Тракторист-механизатор», «Дәнекерлеуші», «сатушы» «тәрбиеші» «азпазшы», «Кладовщик», «Бағдарламашы» болып жұмыс жасайтын азаматтар қажет.

БӨЛІСУ