Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы өңірге келген уақыттан бері мәдениет пен руханият саласына барынша қолдау білдіріп жатыр. Атап айтар болсақ Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен Қызылорда облыстық филармониясының жанынан құрылған симфониялық оркестрдің негізгі құрамын жасақтау мақсатында сұралған қосымша 30 штаттық бірлікке симфониялық оркестрге қажетті мамандар алынуда.

Бүгінгі күні ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар бойынша барлығы 16 маман жұмысқа қабылданып, дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Оркестрдің құрамын әлі де кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында еліміздің өзге өңірлерінің алдыңғы қатарлы симфониялық оркестрлерінің әртістері және консерватория түлектерімен келіссөздер жасалуда.

Жан-жақ­ты атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесімен музыкаға әуес, ұлттық өнерді ұстынына бала­ған шығармашыл жастардың басын қосатын атақты симфониялық оркестрге айналып, сырдағы саз өнерінде өз қолтаңбасын қалдырар өнер ұжымы атанары анық.

БӨЛІСУ