Қазақстандағы бедеулік неке бүкіл әлемдегі сияқты, медициналық-әлеуметтік проблема болып қала береді, оның шешімі елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға және балалы болу мүмкіндігінен айырылған пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) экстракорпоралдық ұрықтандыру (бұдан әрі – ЭКҰ) арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген.

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Президенттің тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында Министрлік еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрды, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті, тиісті НҚА әзірледі.

Жалпы алғанда, фертилдік жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлу жүргізіледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘлМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады.

Сондай-ақ, Министрлік ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 000-нан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде.

Ағымдағы жылы 2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді.

Сонымен қатар, «Аңсаған сәби» бағдарламасының іс-шаралары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдаманың жобасында көзделгенін хабарлаймыз.

Экстракорпоральды ұрықтандыру» бағдарламасымен Қызылорда облысына 281 квота бөлініп, осы күнге дейін 164 отбасы порталға салынды, ЭКО орталықтарына жолданды. Бұл жоспардың 56 пайызын құрап отыр, оның ішінде жүктілік – 108 жағдайда тіркеліп (65%), оның 17 түсікпен (10%) аяқталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, репродуктивті технологияны қолдану арқылы жүргізілген шаралар нәтижесінде 45-60% жағдайда әйелдер бала көтереді.
Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге репродуктивті жасы 18-ден 42 жасқа дейін, қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебелері, жеткілікті овариалды резерві сәйкес келуі қажет. Жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез келген локализация онкологиясы болған жағдайларда ғана мамандар науқасты экстракорпоральды ұрықтандырудан бас тартуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша ұрпақ өрбіту жасындагы әйелдердің саны – 178 296. Сонымен қатар 6320 бедеу отбасы бар, олардың бедеулігіне сәйкес, әйелдері – 3819, ерлері – 2501. Эко жасатуға кезекте тұрған отбасы саны – 656. Сондай-ақ, қолдан ұрықтандыру бағдарламасы негізінде былтыр 44 квота берілген. Бүгінде 25 әйелде жүктілік бар.
БӨЛІСУ