Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан 250 орындық мектепке арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бүгінде Достық көшесінің бойындағы білім ошағында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Аудан басшысы мердігер мекеме қызметкерлеріне сапасына мән беру қажет екенін және нысанның қатаң бақылауда болатынын ескертті. Сондай-ақ, адам санын көбейтіп, екі ауысыммен жұмыс жасауды тапсырды.
Өз кезегінде Ғазиз Әлмәмбетұлы да нысанның әрбір жұмысына ұқыптылықпен қарауды жүктеді.
Мұнан соң аудан басшысы мен аудандық мәслихат төрағасы Қ.Пірімов ауылындағы Қ.Күлетов атындағы №92 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Ғимараттың іші-сыртындағы жұмыстарды толық аралап көрген Мұхтар Әуесұлы шатырын жабудағы кейбір кемшіліктерді атап өтті. Соған сәйкес мердігер мекеме мамандарына қатаң тапсырма беріп, назарда болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, нысанды тамыз айының 20-сына дейін тапсыру керектігін ескертті.