Бүгін Шаған ауылында «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтті.

Жылжымалы жәрмеңкеде тиісті сала мамандары ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша ақпараттар ұсынды.

Жылжымалы жәрмеңке аясында спорттық сайыстар өтіп, жеңімпаздар анықталды. Мұнан бөлек, кітап көрмесі мен ұлттық құндылықтар сақталған киіз үй көрмесі ұсынылды. Ауылдық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы өтіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

“AMANAT” партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып пен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов және ауылдық округ әкімі Нұғыман Смайлов сөз сөйлеп, спорттық сайыс жеңімпаздарын марапаттады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  әрбір Жолдауында жастар мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы 14 пен 35 жас аралығында барлығы 11 727  жас бар. Оның ішінде, жұмыссыз жастар саны – 403, маргинал жастар яғни NEET жастар саны 15, жыл басынан бері жастар тәжірибесінде жүрген жастар саны – 27, қайтарымсыз грант алған жастар саны – 4, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны – 61, әлеуметтік жұмысқа орналасқан жастар саны – 8, қоғамдық жұмысқа тартылған жастар саны – 113, студенттер 2623, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны-262, мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 64, 14 жастан жоғары оқушылар саны-3255, жас кәсіпкерлер саны – 433, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны – 2528, мемлекеттік қызметшілер – 26, пробациялық есептегі жастар саны – 33, жас отбасылар саны – 2107-ні құрайды. Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік бағытында 49 жас оқытылып, сертификаттарын алды.

 

БӨЛІСУ