Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысын көтерді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік корпорацияның өңірлік филиалдары қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтерілді.
Бұл соңғы бір жарым жылдағы үшінші рет жалақы көтеру болып табылады. Былтыр, қызметкерлер жалақысы екі рет көтерілген болатын. Осылайша, былтырғы өсімді есепке алғанда, жалақының жалпы өсімі 100 пайыздан астам мөлшерді құрады.
Қазіргі уақытта біз корпоративтік функцияларды орталықсыздандыру бойынша жобаны іске асыру арқылы жұмыс барысын жеңілдетіп, филиалдардың шешім қабылдауындауында дербестігі мен жауапкершіліктерін арттырдық. Негізгі мақсаттардың бірі үнемделген қаражаттан шығындарды оңтайландыру арқылы филиал қызметкерлеріне сыйақы беру болып табылады. Енді, сыйақы мөлшері мен сыйақы беру негіздері филиал басшылығы деңгейінде анықталалатын болады. Бұл жұмысшыларды тиімді жұмыс істеуі үшін сыйақымен қолдаудың қосымша құралы болып есептеледі.
Айта кетер болсақ, қазіргі таңда Мемлекеттік корпорацияда 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл еліміз бойынша 20 филиал, 327 фронт-офис және 671 бэк-офис, 33 мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалпы саны.