Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары енгізілген аудандар көбеюде. Бұл өз кезегінде су мен қоректік заттарды нақты беру арқылы өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жыл сайынғы өсімге инвестициялық субсидиялау ықпал етеді. Оның аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ су алу және беру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі. 2022 жылы су үнемдеу технологиялары қолданылатын жерлер 21 мың гектарға ұлғайтылды. Нақты орындалуы 105%-ды құрады. Ағымдағы жылы мұндай жерлердің аумағын 300 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Айта кету керек, суармалы судың жетіспеушілігі проблемалы мәселе болып отыр. Сонымен қатар суды ысырап етуге жол берілмеу керек. Фермер үшін шешім – су үнемдейтін технологияларды енгізу болуы керек. Егер мұндай технологияларды енгізетін фермер үшін «оң шешім» инвестициялық субсидиялаудың жоғарылауы болса, онда «теріс шешім» суға жұмсалатын шығындар артады. Мысалы, қазіргі уақытта су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияны суару әдістеріне қарай саралау бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни субсидияларды бұрынғы деңгейде тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана алатын болады.

Биылғы жылы облыста су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 872,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Жалпы 577,5 гектарға тамшылатып суару әдісімен, 295 гектар жерге жаңбырлатып суару тәсілдері қолданылды
Оның ішінде 231,5 га көкөніс, 331 га бақша, 10 га картоп, 100 га күнбағыс, 130 га жаңа жоңышқа, 65 га сүрлем жүгері, 5 га алма бағы дақылдары орналастырылды.
Атап айтқанда, Сырдария ауданындағы «Жетікөл Жері» ЖШС-і өз қаражат есебінен 40,0 млн теңгені құрайтын жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алып, қазіргі таңда 100 гектар күнбағыс дақылына күтім жасауда.
Арал ауданында «Camel pro» шаруа қожалығы жаңбырлатып суару әдісімен 100 гектар жоңышқа егісін ексе, Қазалы ауданында «РЗА Агро» ЖШС-гі жаңбырлатып суару әдісі арқылы 65 гектарға сүрлемдік жүгері дақылын орналастырды.

Биылғы жылы облыс бойынша барлығы 195,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Оның ішінде дәндi дақылдар 100,4 мың га, майлы дақылдар 5,3 мың га, мал азықтық дақылдар 70,4 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 19,9 мың гектарға орналастырылды.

БӨЛІСУ