Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалан, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.

Сарып ауруының клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту. Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға, жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін.

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 5 айында сарып ауруының 19 фактісі анықталды. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 жағдайға артқан. Аурушаңдық көрсеткіші 14 жасқа дейінгі балалар арасында бір деңгейде қалыптасса, жасөспірімдер арасында 5%-ға өсу тенденциясы байқалады.

Аудандар бойынша сарып ауруы Қармақшы, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында және Қызылорда қаласында тіркелді. Солардың ішінде Жаңақорған ауданында – 3 жағдай, Қармақшы ауданында – 6 жағдай, Жалағаш ауданында – 1 жағдай  мен Қызылорда қаласында – 9 жағдай есепке алынды.

Індетке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 52,6%-ды құрады. Аурушаңдықтың 47,3%-ы қала тұрғындарының арасында тіркелгені алаңдатады. Бруцеллез жұқтырғандардың барлығы да ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезі бойынша қолайлы елді-мекен тұрғындары. 

Эпидемиологиялық талдау жүргізу барысында анықталғандай, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 8 науқас үй жағдайында үй ауылшаруашылық жануарларына күтім жасайды, ал қалған 11 адам мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт пен етті сауда нүктелеріндегі жеке адамдардан сатып алып тұтынған.

Ауру ошақтарында барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, қарым-қатынаста болған 66 адам зертханалық тексерумен қамтылды, ошақтан 1 науқас анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Аурудың негізгі көзі – жануарлар. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан ауыл шаруашылығы жануарларымен жұмыс істеу кезінде арнайы киім кию, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін тұтынар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізу қажет екендігін еске саламыз.

Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту. Науқастың буындары ауырып, бұлшықеттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеп соқ­тыруы мүмкін.

БӨЛІСУ