Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен, «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратында ауданымыздың бір топ кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында, ауданымыздың кәсіпкерлік саласын дамыту барысында атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланып, Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан қойылатын санитарлық талаптарды сақтау, келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар топтамасы бойынша түсініктеме берілді.
Сонымен қатар, аудандық кірістер басқармасы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының тарапынан сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін «Бөлшек салық режиміне» өту шарттары мен артықшылықтары бойынша түсіндірілді.
Сондай-ақ, аудандық мәдениет және спорт бөлімі тарапынан кәсіпкерлік нысандарда орналасқан сыртқы жарнама мәселесі мен қазақ тілін дәріптеу(ас мәзірінің қазақ тілінде дайындау) бойынша атқарылу қажетті жұмыстар талқыланды.
Кездесу нәтижесінде, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтар бойынша тиісті мәліметтер қамтылып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау ұсынылды.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласы бойынша көрсетілетін қаржылық немесе қаржылық емес көмек және де басқа да мәселелер бойыншатиісті түсініктемелер алғыларыңыз келсе, «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратына келуге шақырамыз.

БӨЛІСУ