Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілгін арттыру мақсатында олардың тарапынан қандай да бір құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Президентінің  «Әдеп жөніндегі кеңес туралы ережесінде» көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Елбасының қаулысы қабылданды. Қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осы Заң ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы, Астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін айқындайды. Бұрынғы ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, қазіргі таңда ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері министрлігі болып өзгертілді. Осы министрлік ішіндегі мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасына қарасты «Тәртіптік кеңесі» бұдан әрі «Әдеп жөніндегі кеңес» болып танылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

— сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу;

— қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-0-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге (бұдан әрі – қызметшілер) қатысты тәртіптік істерді қарау;

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде өткізілген Әдеп жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселемен Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесімен Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен, оған “қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту” түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.
Келесі мәселемен Арал ауданы мен Қазалы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижелері тындалып, кеңестің шешімімен тиісті ұсыныстар берілді.
Бұдан соң, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен атқарған жұмыстарының нәтижелері тыңдалып, Кеңестің шешімімен Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын одан әрі жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілді.
Соңғы мәселемен, 2023 жылдың 2 тоқсандағы мемлекеттік органдардың тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері тыңдалып, кеңестің шешімімен мемлекеттік органдарға ұсынымдар берілді.

БӨЛІСУ