Жыл басынан бері Қызылорда облысында 300-ден астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері әлеуметтік төлемдерді рәсімдеді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Алтын алқа» иегерлері атанған алтын құрсақты аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері 25 530 теңгеге дейін ұлғаяды. Бұрын бұл төлем 22 080 теңгені құраған болатын.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді.
Бүгін Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин жас жұбайлар мен жаңадан ата-ана атанған азаматтарды айтулы күндерімен құттықтады. Оларға Мемлекеттік корпорацияның елтаңбалы мөрі басылған неке және баланың туу туралы куәлігі берілді. Сондай-ақ, қызмет алушыларға құттықтау хаттары мен кәдесыйлар табысталды.
Бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізілді. Онда Мемлекеттік корпорация филиалдарының директорлары қуаныш иелерін құттықтады.
Айта кетейік, 1 шілдеде еліміз бойынша 76 некені тіркеу рәсімі өткізілді.Сондай-ақ, бұл күні 600-ге жуық туу туралы куәлігі берілді.