“Қызылорда” автобус паркі” ЖШС-нің buspark.kz атауымен жаңа ақпараттық сайт іске қосылды. Қазақ және орыс тіліндегі жаңа медиа оқырманға автобус паркінің тыныс-тіршілігі, жүргізушілермен жолаушылардың дұрыс диалог құру мәдениеттілігін қалыптастыру, автобустардың қай аймақта келе жатқаның және қанша минутта болатының тікелей бақылап, қоғамдық көлік туралы маңызды ақпараттар мен сараптамалық материалдар ұсынып отыратын боламыз.
Buspark.kz сайтында халықтың сұранысына сай ақпарат жарияланатын болады.
Кез келген азаматы серіктестіктің Call-орталығына(+7 7242 70 85 75, +7 771 070 85 75), What’sApp(+7 771 070 85 75) немесе Facebook, Instagram, TikTokт әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларымызға (@apkkyzylorda) тікелей хабарласып, өзін толғандырған мәселе бойынша жүгіне алады.
Мұнда сұхбаттар, заманауи технологияларды пайдалана отырып төлем жасау, қоғамдық көлік саласындағы соңғы өзгерістер жайында эксклюзивті материалдар жарияланады.
Сайтта жарияланған материалдарды сүйемелдеп, оны оқырманға ұсыну үшін ақпараттық порталдың бірқатар әлеуметтік желіде ресми парақшалары жұмыс істейді.
Соңғы бес жылдықта Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес жаңа мөлтек аудандар бой көтеріп, халық саны қарқынды артуда.
Мәселен, Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтерген жаңа тұрғын ауданда әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер және «Бәйтерек» мөлтек ауданынан «Бала мекен» елді мекені салынып, көпбалалы отбасыларға баспана табысталды. Сәйкесінше, қала аумағындағы жолаушылар тасымалының маршруттық сызбасы біршама өзгеріске ұшырап, мөлтек аудандарды қоғамдық көлікпен толықтай қамтамасыз ету қажеттілігі туындады.
Осы бағытта қала көлеміндегі жолаушылар тасымалдауға арналған көліктердің жеткіліксіздігі туралы тұрғындар тарапынан көптеген шағым түсе бастады.
Мәселенің мән-жайын ескерген аймақ басшылығы қоғамдық көлік мәселесін шешу және халық сұранысына сай қызмет сапасын арттыру мақсатында, «Қызылорда Автобус паркіне» қосымша үлкен сыйымдылықтағы, заманауи автобустар алдыру жөнінде шешім қабылдады.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС-нің жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизингке 150 автобус алу жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық көліктерді алдыру үшін алғашқы 20 пайыз жарнасын төлеу үшін облыстық және қалалық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылды.
Айта кетейік, жаңадан алынған автобустар қалаішілік қоғамдық көліктердің 14 бағытын қамтиды. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға айтарлықтай септігін тигізгелі отыр. Жолаушылар тасымалдауға арналған сыйымдылығы жоғары автобустар биыл толық алынады деп жоспарланып отыр.